Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайда өткен әлемдік Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды

Қытайдың Хоххот қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде 60 келідегі қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайда өткен әлемдік Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос бұл турнирде алдымен ресейлік Роберт Мшиводабадзені «иппон» әдісімен, содан кейін екінші айналымда жапондық Юма Ошиманы «ваззари» ұпайымен жеңді. Отандасымыз Сметов жартылай финалда бразилиялық жас талант Фелипе Пелимнен есе қайтарды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев бірінші белдесуде Солтүстік Корея спортшысын жеңсе, екінші айналымда 2014 жылғы әлем чемпионы, моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды таза ұтты.

Осылайша, финалда қазақтың қос балуаны жолыққан болатын. Санаулы секундқа созылған финалдық бәсекеде Елдос Сметов «иппон» әдісін орындап, Хоххоттағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, Хоххоттағы турнирге әлемнің 49 елінен 400-ге жуық, оның ішінде Қазақстаннан 13 дзюдошы қатысуда.

Талқылау