Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы қыздар Бакуде 7 бірдей медальді жеңіп алды

Бакуде түркі тілдес халықтар студенттері арасында универсиада ойындарында дзюдо бойынша сайыстар аяқталды.

Қазақстандық дюздошы қыздар Бакуде 7 бірдей медальді жеңіп алды

Сурет: ҚР Дюздо федерациясының баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Дюздо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Ел қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.

Сайыста 52 келі салмақ дәрежесінде Диана Аипова, 63 келі салмақ дәрежесінде Айгерім Жұмаділла, 70 келі салмақ дәрежесінде Ділбар Өміралиева және 78 келі салмақ дәрежесінде Нұрғаным Тұршабек өнер көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды.

Ал Динара Абильдаева (57 кг) мен Абиба Абужақынова (48 кг) күміс жүлдені, Азиза Марова (-78 кг) қола жүлдені еншіледі.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық спортшы кәсіби бокста бесінші рет жеңіске жетті

Головкиннің жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми түрде жарияланды

20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын 31 секундта нокаутқа жіберді

Макгрегор қазақстандық егізімен бірге АҚШ-та автобусқа шабуылдады (видео)

Талқылау