Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Диас Әзімжановтің фильмі АҚШ фестивалінде топ жарды

Қазақстандық режиссер Диас Әзімжановтің «Моменты просветления» атты фильмі Hollywood International Moving Pictures Film Festival (HIMPFF) (АҚШ) фестивалінде басты жүлдеге ие болды.

20

«Мойындау» аталымын жеңіп алған фильм өткен жылдың соңында таспаланған. Режиссер Әзімжановтің айтуынша, фильм түсіру ол үшін аса қиынға соқпаған.

«Фильм өткен жылдың соңында түсірілді. 80%-ға ынтамызбен түсірдік деп айтсақ болады. Өйткені қажетті жабдықтарды Нью-Йорктегі киноакадемияның өзі ұсынды. Ал қалғанын өзіміз жасадық. Актерлерді жинап, кастинг ұйымдастырдық», – деді ол Гәкку телеарнасына берген сұхбатында.

Нью-Йорк кино академиясында білім алып жүрген қазақстандық режиссердің бұл алғашқы туындысы. Диастың айтуынша, мұндай фильмдер академиядағы киноқалашықтан әрі шықпайды.

«Бірақ маған оны қайта монтаждап, фестивальге жіберуге кеңес берді. Біз солай істедік», – дейді режиссер.

Фильм желісі бойынша құрбылардың біреуі есірткіге әуес болып, ақырында ВИЧ инфекциясын жұқтырып алады. Айықпас ауыр дертке шалдыққан бойжеткенге досы көмекке келеді. Алғашқы туындысы табыс алып келген Диас жігерлене, шабыттана түсті. Фестиваль өз шешімін шығарып жатқанда ол екінші туындысын да түсіріп үлгерген. Алайда фильм туралы Диас ашып айтпады. Тек алдыңғысымен салыстырғанда әлдеқайда салмақты дүние болатынына уәде берді.

Жіберіп алмаңыз: 

Рүстем Әбдірашев “Қазақ елі” фильміне байланысты бар шындықты жасырмай жайып салды

Қазақстандық “Аманат” фильмі “Оскар” сыйлығына ұсынылды

Аружан Жазылбекова тек қазақтарды таситын такси жүргізушісіне ашуланды

Қайрат Нұртас жаңа фильмін қандай жанрда түсіретінін білмей жүр

 

Талқылау