Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депутаттар қандай көлікпен жүреді? Оларды кімдер тасиды

Астанадағы министрлер үйі мен парламенттің автошаруашылық басқармасының арасы 15 минуттық жер.  Көп қабатты ғимаратта 300-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Оның 199-ы көлік жүргізушілер. Олар мәжіліс, сенат депутаттары мен парламент аппараты қызметкерлерін тасиды.

limo

Сурет: www.internationallimousine.it 

 

Лауазымды тұлғаларды таситын көлік жүргізушілер қызметіне кез келген адамды ала бермейді. Жүргізушінің  кем дегенде 5 жыл тәжірибесі болуы, бұрын сотталмаған, жола апаттарын жасамаған, жүргізуші куәлігінің барлық жоғары дәрежесін иемденген және қала ішін жақсы білуі тиіс. Оларды арнайы картаның көмегімен тексеріп, жұмысқа қабылдайды.

Ал, диспетчер қызметкер көлік қажет еткен тұлғаның кім екенін білмейтінін айтады. Ол тапсырыс бойынша бос жүргізушіні жіберіп, уақыты мен мекен-жайын ғана айтып береді. Тапсырыс берушінің өзі қалаған көлігі мен жүргізушісін таңдауы мүмкін. Алайда, олар бос болмаған жағдайда келесісі жіберіледі.

Депутатардың жол жүру лимиті айына 75 сағат. Мұнда 2007 жылғы Тoyota camry көлігі, 11 Mersedes s klass көлігі, қалғандары отандық kia optima, kia cadenza көліктері сынды барлығы 200 көлік бар.

Депутаттарға таңғы 8:00-ден кешкі 8:00-ге дейін қызмет көрсетіледі. Оларды жұмыс пен үйі арасында, сондай-ақ вокзал мен әуежайға ғана жеткізеді. Қалған уақыттарда ақы төленеді.

Қызметтік көліктің қай жерде тұрғанын, қанша жылдамдықпен жүргенін бақылап отыратын арнайы құрылғылар бар. Жүргізушілердің темекі шегуіне, телефонға қарауына, шемішке шағуына, қызметкерлерді сұрақтың астына алуына тыйым салынады. Олар күнделікті дресс-код талабына сай костюм-шалбар мен галстук тағып жүруге міндеттеледі.

Жүргізушілер лауазымды тұлғаларды тасып жүргендіктен өз жұмысына жауаппен қарап, ереже бұзбауға тырысады. Алайда әрт түрлі себептермен жол апатына ұшырайтын жағдайлар болып жатады. Былтырғы жылы 10 жол апаты орын алса, оның алдыңғы жылында 5 жол көлік оқиғасы тіркелген екен.

Талқылау