Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер сарбаздың жүрегіне қадалған инелерді бір айдан бері ала алмай жатыр

Ақтауда жүрегіне ине қадалған сарбазға отандық дәрігерлер көмек көрсете алар емес. Жігіттің денесінде ине бір айдан бері жатыр.

Сарбаздың денесіндегі инені ресейлік дәрігерлер алып беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды 31 арна.

Қазақстандық дәрігерлер көрші елдегі әріптестерінен көмек сұрады. Сарбаздың әкесі балансының әр күні маңызды екенін айтып шырылдап жүр. Ол баласынан денесінен 1 иненің қалай алынғаны өз көзімен көрген.

«Орнымнан тұра алмай қаламын, қысылып қалады. Түшкіре алмай қаламын. Сол кезде ауырады қатты. Қозғала алмаймын. Жүрегім шығып кететін сияқты. Сондай болып тұрады»,-деді жауынгері Самат Нұржақожаұлы.

“Денесінен бірінші инені алып тастағанда, қарайып кеткенін көрдік. Жүректе тұрған ине қандай күйде екенін елестете алмаймын. Қолға тікен кірсе, жанымыз ауырады ғой. Бірай өтті, еш нәтиже жоқ”, – дейді Самат Нұрқожаұлының әкесі Нұрғожа Мырзағұлов.

Айта кетейік, Ақтауда әскерге барғанына 3 ай ғана болған сарбаз жауынгерлік оқу-жаттығуда жүріп жұмбақ жағдайда ауруханаға түсті. Оған Ақтауда ота жасалған. Баласы үшін уайымдап, дал болған әкесі оған әлімжеттік жасалғанына сенімді. Ал қолбасшылардың сөзінше, сарбазға қатысты жарғыға қарсы әрекет жасалмаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау