Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бүлдіршіндерді Винкс клубының от періштесі қорқытуда

Ғаламторда «Қалайша перизат атануға болады…» деген тақырыпта суреттерімен берілген нұсқау пайда болды. Оны алғаш көрген адам кәдімгі балаларға арналған ертегі кітаптарының суреттері ретінде қабылдайтыны анық. Тек мәтінін оқығанда ғана ондай ойдан арылады.

Безымянный

Автор балаларға “Винкс” мульсериалындағы перизат атану үшін түннің бір уағында тұрып газды ашып, қайтадан ұйықтап қалуға үндейді. Алайда, сенің тұрғаныңды ешкім көрмеуі тиіс деп жазады олар.

Берілген сурет сақтандыру мақсатында жарияланып отыр.

Балалар мұның мәнін түсінбегендіктен “Перизат патшалығына” барамын деп дәл осылай жасауы әбден мүмкін. Сондықтан балаларыңызды қараусыз қалдырмай, үнемі бақылауда ұстаңыз.

Талқылау