Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бойжеткен әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі ретінде мойындалды

Қазақстандық спортшы қыз Гүлжан Накипованың бес жоғары білімі бар. Сонымен қатар вокалдық мүмкіндігі де жаман емес. Көпшілік оны әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі деп атайды. Ал Гүлжанның өзі өзіне мұншалықты көңіл бөлінгенін қаламайды. Себебі ол тұрмыс құрған.

Гүлжан Накипова

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

26 жастағы Гүлжан Накипова желідегі парақшасында жаттығу кезіндегі видеоларын жариялап, пайдалы кеңестерімен бөлісіп тұрады. Оның жан-жақтылығы сонша, тіпті, бес жоғары білімі бар. Сонымен қатар студенттердің шетелдік ЖОО-ларға түсуіне көмектесетін Best Education агенттігіне иелік етеді.

Гүлжан Накипова

Былтыр Гүлжан Накипова джиу-джитсу бойынша дүние жүзілік фестивальде чемпион атанған еді. Сонымен қатар әлемнің қол жүлдегері атанған. Сондай-ақ, Гүлжан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы болып табылады және Қазақстан құрамасының құрамына кірген.

Гүлжан Накипова

Гүлжан Накипованың күйеуі Олжас Ыдырысов та спортшы. Ерлі-зайыпты Астанада өткен джиу-джитсу бойынша чемпионатта жеңіске жеткен еді. Спортшының сөзінше, оның спорттың бұл түріне деген құштарлығына күйеуі әсер етіпті. Сонымен қатар ол спорттың дәл осы түрі оның Қазақстанға қайтып оралуына себеп болған. Бұған дейін ол Барселонада тұрған еді.

Қазақстандық бойжеткен әлемдегі ең тартымды спортшылардың бірі ретінде мойындалды

Гүлжанның сөзінше, ол джиу-джитсудан әлем чемпионатынан қайтып оралғаннан кейін, Олжас елордадағы мейрамханалардың бірінде тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасапты. Бойжеткеннің бұған қатты таңғалғаны сонша, қолындағы шанышқысы түсіп кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау