Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Алматыға келетін болды

Геннадий Головкин мен Василий Жиров қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Алматыдағы кәсіпқой бокс кешіне қонақ ретінде қатысатын болды.

982abdd7e9c1d29bb81816973277d9b0

Фото: allfight.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“24 қыркүйек күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ерекше шара өтеді. Спорттық шара Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізілейін деп отыр. Кештің басты оқиғасы 91 келі салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін боксшылар тартысқа түседі. Қазақстандық Иса Ақбербаев неміс Майк Курцвейлмен қолғап түйістіреді”, – деп хабарлады Рустам Абдусаламов.

Промоутердің айтуынша, Иса Ақбербаевты қолдауға танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де келмек.

“Бұл өз кезегінде сол бокс кешінде рингке шығатын қазақстандық спортшыларды жеңіске жетелейді, ерекше күш береді. Сондай-ақ, кештің сыйлы қонақтарының бірі, еліміздің атын талай мәрте халықаралық деңгейде шығарған Василий Жиров”, – деп атап өтті промоутер.

Бұл кеште сатылған әрбір оныншы билеттің бағасы қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Оқи отырыңыздар:

Ильиннің салмағында медаль алған Лондон олимпиадасының үш жүлдегері де допинг дауына ілікті

13 жасар оқушы бәйгеге қатысып, 10 миллион теңге ұтып алды

Головкин-Брук жекпе-жегінің бейнежазбасы (видео)

Илья Ильин отбасылық видеосымен бөлісіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау