Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Астана өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, Рио-де-Жанейроға олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

мысф

Сурет kfb.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ширек финалда Шекербекова Германиядан келген Азиза Нимани есімді боксшымен қолғап түйістіріп, 3:0 есебімен жеңді. Жайнаның ұтып алған Олимпиада жолдамасы – әйелдер боксындағы екінші лицензия. Бұған дейін Дариға Шәкімова Қытайда өткен квалификациялық турнирде күміс медальге ие болып, Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, әлемдің турнирдің жартылай финалына 48 кг салмақ дәрежесіндегі қазіргі әлем чемпионы Назым Қызайбай, сондай-ақ Дина Жоламан (54 кг дейінгі салмақ дәрежесі), Айжан Қожабаева (57 кг дейінгі салмақ дәрежесі), Валентина Хальзова (69 кг дейінгі салмақ дәрежесі) және Ләззат Күнгейбаева (81 кг-ден жоғары салмақ дәрежесі) өткен болатын. Ал 64 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Зарина Цолоева жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін 6 қазақстандық боксшы Астанадағы әлем чемпионатының бірінші кездесуінде жеңіске жеткенін жазған едік.

Талқылау