Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қамауға алынуы мүмкін

Белгілі боксшы, спорт шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы  Мұрат Құралбаев  негізсіз айыпталып, түрмеге қамалуы мүмкін.

боксерррр

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Мұрат Құралбаев Тараз қаласында сомасы 1,6 млн теңге ұрлады деген күдікпен ұсталды. Құқық қорғау органдары аталмыш факті бойынша бокс чемпионы мен тағы үш адамды қолға түсірді.

Оның бапкері мен туыстары Мұратта 100 пайыздық  өзін ақтайтын айғағы барын айтады. Оны куәгерлердің айғақтарымен ғана емес, «Антиугон» жүйесі түсірген суреттерімен де растауға болады. Жәбірленуші (Қырғызстан азаматы) мен қылмыс жасады деп танылған қылмыскер Мұрат Құралбаевтың айыбын теріске шығаруда. Алайда тергеу органдары чемпионның кінәсіздігін дәлелдейтін фактілерді назарға алмауда.

Мұраттың туысқандары  Құралбаевтың ісін жүргізетін тергеу бригадасының оларда бұлтартпайтын дәлелдердің болғанына қарамастан, күдіктілердің ісін айыптау үкіміне дейін жеткізген көптеген жағдайларын білетінін мәлімдеді.

 

Талқылау