Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы IBF-ның чемпион атағын жеңіп алды

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов кәсіптік мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық боксшы IBF-ның чемпион атағын жеңіп алды

Бұл туралы sport.inform.kz -ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

31 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы Детройттағы бокс кешінде тәжірибелі америкалық боксшы Николас Гивэнмен жұдырықтасты. Оның қарсыласы болған америкалық боксшы спорттық мансабында 21 рет айқасқа түсіп, бір рет жеңіліске ұшыраған.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек 7 бөлімде аяқталды. Эюбов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, IBF-ның бірінші орта салмақтағы чемпион атағын алды.

Естеріңізде болса, оның қарсыласы жекпе-жек өтер алдында Эюбовтан IBF-ның  аймақтық титулын тартып алуға ниетті екенін хабарлаған болатын. Америкалық боксшы өзінің Facebook парақшасында «Бір ғана патша бар» деген жазба қалдырып, «Титулды тартып алатын уақыт келді» деп IBF аймақтық титулының суретін жариялаған.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Детройттағы басты бокс кешінің бір бөлігі болды. Онда әйелдер арасындағы әлем чемпионы Клариссы Шилдс коста-рикалық Хэнна Габриэлспен айқасқа түсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау