Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксер қыз америкалықтарды таңқалдырды (видео)

Қазақстандық боксер қыз Эвника Садуакасова өзінің соққыларымен америкалықтарды тамсандырды. Ол боксерлік шеберліктерін NBC телеарнасынан шығатын телешоу барысында паш етті.

вввввввв

Звника бокс қапшығына 30 секундтың ішінде мейлінше көп соққы бағыттауы тиіс болған. Жас спортшының нәтижесі 206 соққы болды. Ол гонг соғыламын дегенше өзінің 130 соққыға дейін жасауға қауқары жететінін айтқан.

Еске сала кетсек, Эвника Садукасованы өзін бокс әлеміне алғаш рет екі жыл бұрын танытты. Ол кезде ол небәрі бес жаста болатын. “Қазақстандық ең жылдам қыз” деп аталатын бейнеролик 3 миллионнан астам көрілім жинап үлгерген. Атақты америкалық боксшы Ронда Роузи өзінің Инстаграмдағы парақшасында Эвниканың видеосын жариялаған. Ол роликтің астына “Сіздер менімен келісіп, мойындарсыздар – әйелдерде шектеусіз потенциал бар. Олар кез-келген жаста әлемді таңқалдыра алады” деп жазған еді.

Әкесінің айтуынша, бокс ауқымының үлкеюі қызының спортпен айналысуына кедергі емес. Ол бокспен айналыса жүріп қуыршақтарымен де ойнап, әпкелерімен де уақыт өткізіп үлгереді екен. Эвника сондай-ақ, акробатикалық жаттығулар жасағанды да қатты ұнатады.

Талқылау