Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бишілер Араб елдерінің сексуалды қатынас құрбаны болған

Бахрейнге биші болуды жоспарлап барған 5 қазақстандық бойжеткен сексуалды қатынас құлдығына айналған. Олар үйлеріне Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің көмегі арқылы оралған.

BckmCeWr

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Әлима есімді бойжеткен (есімі өзгертіліп берілді) мен оның құрбыларына әлеуметтік желі арқылы танысқан адам жоғары бағаға қызмет ұсынған. Ол Араб елінің кереметтігі жайында, ондағы қолайлы қызмет түрлері мен шетелдіктермен жақсы қатынас қалыптасқандығы жайлы айтқан. Сөйтіп, қазақстандық бишілер құжаттарын рәсімдеген. Оларға билетті жұмыс берушісі өзі төлеген.

Манамада биші қыздарды жылы шыраймен қарсы алып, AlFirdous қонақүйіне орналастырған. Оларға ас-суын дайындап, біраз күн орнығып алуларына уақыт береді. Алайда, келесі күні Әлиманың бөлмесіне ер адам келіп, оның құжаттарын беруді сұрайды. Бойжеткеннің қарсылығын естіген азамат, оларды билеу үшін емес, өздерінің қалағанын істеу үшін шақырғандарын айтады. Қыздардың қарсылығы мен көз жасына қарамаған азамат, олардың сол жерде күтуін ескертеді.

Қыздар Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігіне хабарласып үлгермегенде, бұл оқиғаның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін еді. Олар қазақстандық полицейлерге хабарлама жіберіп, арнайы іздестіру шара барысында қазақстандық бишілерді құтқарған.

Аталған іс бойынша Бахрейннің полицейлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Талқылау