Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық биатлоншылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже берді

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасына Австриядағы ӘЧ-да допинг пайдаланды деген күдік келтірілді.

1548168

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Допинг қолданды деп күдіктелген қазақстандық спортшылардың сынамасы теріс нәтиже берді деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

“Австрияда сынама алынды. Кеше Допингке қарсы агенттіктің алдын ала жіберген хабарламасы бойынша, біздің спортшылардыкі “теріс нәтиже” берді. Демек, олар судан ақ, сүттен таза. Қазір WADA ұйымының ресми түрдегі жазбаша мәлімдемесін күтіп отырмыз”, — деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан соң тілшілерге. “Әлбетте, австриялық тарапты айыптаудан аулақпыз. Техникалық ақау кеткен болса, бұл, керісінше, өзімізге сабақ. Бұдан былай дәрігерлер де өз қызметіне мұқият болуы тиіс”, — деп түйді министр.

Жіберіп алмаңыз:

Спорт министрлігі Австрияда допингпен ұсталған биатлоншыларға қатысты мәлімдеме жасады

Қысқы Азиадаға баратын спортшылардың толық тізімі жарияланды

Қазақстандық спортшылар Универсиада-2017-де қанша табыс тапты?

Криштиану Роналдумен “байланысы бар” деген кикбоксшы екі жылға сотталды

Талқылау