Қазақстандық беделді медициналық университеттің ректоры сотталды

Жексенбі, 28 Ақпан , 2016 12:47

ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асу мәселелері талқыланған кеңесте С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры А.Ақанов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін, Білім беру саласын бақылау комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы А.Жақсыбеков пара алғаны үшін сотталғаны туралы айтылды.

5a5c79cf79478a8e657d7b5521f

Сурет kapital.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде 151 тұлғаға қатысты 248 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгенін тіркеді»,- деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық соты C.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақановты ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, 2000 АЕК (3 964 000 теңге) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, Айқан Ақанов 7 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды.

Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы аудандық соты ОҚО-ның білім саласын бақылау департаментінің басшысы А.Жақсыбековті ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша (пара алу) айыпты деп танып, 51,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салды. Бұдан басқа, сот бұрынғы шенеуніктің мүлкін тәркілеп, өмірінің соңына дейін мемлекеттік органдарға қызметке орналасу құқығынан айырды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар