Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық байлар 2016 жылы $1,5 миллиардқа кедейленіп қалған

2016 жылғы Forbes басылымының тізіміне қарап қазақстандық байлардың $1,5 миллиардқа кедейленіп қалғанын байқауға болады.

форбссс

Белгілі басылымда Болат Өтемұратовтың байлығы $300 миллионға кеміп, 2016 жылғы тізімде $2,3 миллиард деп көрсетілген. Ол Қазақстандағы байлардың тізімінде бірінші тұр. Жалпы есепте -771-ші арында.

Өтемұратовтан кейінгі орынды Тимур мен Динара Құлыбаевтар иеленген. Олардың әрқайссының байлығы $100 миллионға кеміп, биылғы ауқаттылығы $2 миллиард деп көрсетілген. Жалпы тізімде олар 906-шы болып тұр.

«Қазақмыс» корпорациясы директорлар кеңесінің экс төрағасы Владимир Кимнің байлығы $300 миллионға азайып, 2016 жылғы тізімде 1198-ші орынға түскен. Оның ауқаттылығы $1,5 млрд деп көрсетілген.

Сондай-ақ, 1198-ші орынға «Еуразиялық банк» АҚ президенті  Әділжан Ибрагимов иеленген. Оның байлығы $1,5 млрд деп көрсетілген. Ол 2016 жылға қарай $700 милионға кедейленіпті.

Forbes басылымының тізіміне кірген қазақстандықтардың байлығы 2015 жылы $10,8 млрд болса, 2016 жылы $9,3 миллиардқа азайған. Бұған дейін 5 қазақстандықтың Forbes тізіміне енгені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау