Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бапкер бокстан Пәкістан құрамасын жаттықтыратын болды

Пәкістан бокс федерациясының баспасөз хатшысы Насир Тунг ел құрамасының жаңа бапкері туралы айтқан.

20170612193105

Бұл туралы TheNews.com.pk хабарлайды.

Пәкістанды қазақстандық маманның жаттықтыратыны белгілі болды. Бірақ, Федерация әлі нақты кандидатураны бекітпеген.

“Қазақстан бокстағы әлеуеті өте жоғары ел болғандықтан, бапкерді де сол жақтан алдырғымыз келіп отыр. Олар бізден ресми сұрау жіберуімізді өтінді. Алдағы уақытта ресми келісім беріп, маманды бізге тауып береді”, – деді Тунг.

Баспасөз хатшысының айтуынша, бас бапкердің жалақысы айына 2500 доллар болмақ, және келісім-шарт 3 немесе 4 жылға жасалады. Сондай-ақ, пәкістандық боксшы Авайс Али Ханның жақында Қазақстанға келіп оқу-жаттығу жиынына қатысатыны да анықталды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Геннадий Головкин ағасымен бірге Алматыға келді

Талқылау