Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуан Кебіспаев олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі

59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алмат Кебіспаев олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.

lFMnEq8faoM

Фото: vk.com

Алматқа мұндай мүмкіндікті сыйлаған жапон балуаны Шинобу Ота. Жапониялықтың финалға жеткендігіне байланысты, қазақстандық “классиктің” қайта үміті оянды. Алайда қолаға жету үшін Кебіспаев үш бірдей қарсыласын жеңуі тиіс.

Еске сала кетсек, Кебіспаев 1/8 финалда 6:0 есебімен Шинобу Отадан ұтылып қалған болатын.

Ал 75 келіде күрескен Досжан Қартықов 1/8 финалдан ұтылып, жарысты аяқтады. Оны жеңген әзербайжандық Эльвин Мурсалиев ширек финалда ұтылды.

Талқылау