Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуан 148 тонналық вагоны бар тепловозды иығымен сүйреп, жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреп, жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық балуан 148 тонналық вагоны бар тепловозды иығымен сүйреп, жаңа рекорд орнатты

«Палуан вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреп, орнынан жылжытты. Ол тепловоздың салмағы 123 тоннаны құрайды. Тепловоз толық жабдықталған. Оның ішіне 5 тонна жанармай, бір жарым тонна құм, бір тоннадан астам су және 650 литр май құйылған»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ.

Алып күш иесі тепловозды сәтті қозғағаннан кейін, енді оған вагон жегіп сүйреген.

Цырульников былтырғы жылдың көктемінде тарпып тұрған төрт жылқыны 11,7 секунд тырп етпестен ұстап тұрған. Ол танымал американдық иллюзионист Гарри Гудинидің қауіпті әдістерін көрсетіп, жұртшылықты таң қалдыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, өзін атақты қазақ палуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізбасары санайтын Сергей Цырульников әлемнің төрт дүркін чемпионы.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Шымкентте бұзақылар 113 адамның аты-жөні жазылған ескерткіш тасты талқандап, мәңгілік алауды жұлып кеткен

Меңгеруші жұмыстан кеткен қызметкерге жалақы аударып, оны балабақшаның жөндеу жұмыстарына жұмсаған

Назарбаев: Алматы облысы – бәріне үлгі

Талқылау