Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балалар үйінің тәрбиеленушілері Кремлде Роза Рымбаевамен бірге ән салды

Мәскеуде мемлекеттік Кремль сарайында балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысқан “Ты супер!” шоуының финалы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Безымянный

Сахнада Өскемендік 17 жастағы Владислав Лоскутов пен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсетті. олар “Алғашқы махаббат” әнін бірге орындады. Влад – шоуға қатысқан төрт қазақстандықтың бірі. Ол ширек финалға дейін жетті. Владиславтан бөлек Рано Сабанкулова, Владимир Сарафутдинов және Роман Корнеевтер қатысты. 10 жастағы Рома «Ты супер!» деп аталатын жаңа балалар тобының құрамына кірді. Аталмыш топ продюсерлердің шешімімен конкурстан тыс өтті. Топтың алғашқы өнер көрсетуі 8 сәуірде болған. Жас әншілер «Надо подумать» әнін айтты.

Ал конкурстың биылғы жылғы жеңімпазы Абхазиялық 12 жастағы Валерия Адлейба болды. Кастингке жалпы саны 12 мемлекеттен 1,5 мың бала талантты бала қатысты. 92 қатысушының 20-сы жартылай финалға жетсе, 10-ы финалда өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Қапшағайлық алаяқтар Қайрат Нұртастың өтпейтін концертіне билет сатып, халықты алдаған

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)

Димаш голливудтік фильмдерді қазақ тілінде дыбыстауы мүмкін

Талқылау