Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балалар үйінде өскен жігітті өлімнен арашалап, оған жұмыс пен баспана іздеп жүр

Белгісіз адам түн ортасында вокзал алдындағы алаңқайда асылып өлмекші болған.

Аргын Кангожин

Арғын Қанғожин

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Құтқарушы Арғын Қанғожин сол күні вокзалдағы кафелердің бірінде шәй ішіп отырыпты. Ал алаңға келген жігіт бағанаға өрмелеп, асылып өлуге асыққан.

Өз-өзіне қол жұмсаған ер адамды ақыры құтқарып қалады. Сұрастыра келе оның балалар үйінің тәрбиеленушісі болған қазіргі қаңғыбас екенін біледі. Аты-жөні – Дмитрий Ушаков.

“Ол өзі тып-тыныш жүретін, сабырлы. Ешкімге ештеңе айтпайтын. Мен одан мұндай қылық күтпедім”, – дейді Дмитрийдің бастығы Александр Гончар.

Дмитрий Ушаков

Дмитрий Ушаков

Ал Арғын Қанғожин болса, Дмитрий үшін жұмыс та тауып берген.

“Кеше онда Дмитрийді апарып, кім болып істейтінін, не істейтінін түсіндірдім”, – дейді ол.

Әрине, бірақ Дмитрийдің бар мәселесін қарапайым ауылдық мектепте ұстаздық ететін Арғын шешіп бере алмайды.

Жүк тасып тапқан ақысына Дмитрий әзірге баспана жалдап тұра алмайды. Ол мейірімді жандардың көмегін күтуде. Егер кімде-кім оған көмектескісі келсе мына телефондарға хабарласа алады:

Арғын — 87470395305

Дмитрий — 8705 559 70 24

Оқи отырыңыз:

Полицейлер Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы спортшыны тапты

Роликте “мас” болып жүрген әйелдер әкімшілік алдындағы қарды тазалады (видео)

Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағандар да амнистияға ілігеді

Алматыда есірткінің жаңа түріне еліткендерді туыстары мәжбүрлеп емдеп жатыр

Талқылау