Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балалар опасыздық жасаған аналарын ешқашан кешірмейтіндерін айтып жылады

Жалғызбасты әке барша қазақстандықтың алдында мұңын шақты. Опасыздық жасаған әйелі туралы айтып берді. Әйелі тастап кеткелі екі баласымен бірге көлік жуу бекетінде тұрып жатыр екен.

ирн

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«2012 жылы Астана қаласына көшіп келдім. Содан бері көлік жуатын жерде жұмыс істеймін. 2013 жылы әйелімнің үйден кетуі жиілеп кетті. Арасында жаңа құрбылары пайда бола бастады. 2013 жылдың аяғында үйге мүлдем келмей қалды. Бірдеңе бүлдірген болар деп күдіктене бастадым. 2014 жылдың қаңтар айында оның басқа адаммен кетіп, отбасын құрғанын естідім. Ол уақытта пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген болатынмын. Әйеліммен 11 жыл бірге отасқан едік. Қазір екі баламды асыраумен келемін. Аналарымен кездескен жоқ, тек телефонмен сөйлеседі. Өздері аналарымен қыдырғылары келмейді. Балаларыма «Ол бізге жамандық жасаса да, сендердің аналарың. Оны сыйлаңдар» деп айтып отырамын. Ол кезде қызым 4 жаста, ұлым 4-сыныпта оқитын. Сол себепті барлығын ашып айта беремін. Осыларды жетілдірсем деген бір үмітім бар», – дейді Исатай Таймашев.

Исатай мырзаның кішкене қызы анасын еш сағынбайтынын айтты. «Анамды сағынбаймын. Бірақ, телефон арқылы сөйлесемін. Аптасына бір-екі рет хабарласады», – дейді Инабат Орынғали.

ипр

Ал тұңғышы Ақниет Орынғали анасын опасыздығы үшін ешуақытта кешірмейтінін сөз етті. Соңғы кезде оның сабақ үлгерімі нашарлап кеткен екен. Себебі, бүлдіршіндер дәл қазір әкелерімен бірге көлік жуу орталығының қоймасын паналап жүр.

«Қазір 12 жастамын. Анам маған жиі хабарласып тұрады. Бірақ, мен сөйлескім келмейді. Оны опасыздығы үшін кешіре алмай жүрмін. 2013 жылдың желтоқсан айында анам екеуіміз оның құрбысының үйіне бара жаттық. Сол сәтте бір көлік тоқтап оны алып кетті. Содан бері анамды көрген жоқпын. Оны енді көргім келмейді. Мектептегі бағаларым әртүрлі. Кейде жақсы, кейде жаман оқимын. Көлік жуатын жерде тұрамыз. Келушілер шулайды. Соның салдарынан сабағымды дұрыстап оқи алмаймын. Мұғалімдер бұл жағдай туралы жақсы біледі. Сабақ нашарлаған кезде ескерту жасайды», – дейді Ақниет Орынғали.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келін отбасылық ақшаны енелерге беруге қарсы шықты

Келін: Барлық ақшаны енем ғана ұстайтынына қуанамын

Келіншек опасыздығы үшін ақталып әуре болмайтынын айтқан күйеуіне ренжіп жүр

Алғашқы неке түнінде пәктігінен айырылмаған қыз күйеуінің әрекетіне риза болған

Талқылау