Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат Ресейге көрпенің астына жасырынып өтпекші болған

Қазақстан азаматы көрпенің астына жасырынып, Ресейге өтіп кетпекші болды, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметі.

 

контрконтр

23 қарашада Қазақстаннан Ресейге қарай кетіп бара жатқан “Мерседес” жүк автокөлігін тексеру барысында, көліктің жатын бөлігіндегі көрпе-жастықтың арасына жасырынған адамды тауып алды. 27 жасар азамат мемлекеттік шекарадан жасырынып өтпек болған.  Азаматты Ақтөбе шекара отрядына қарасты  “Жайсаң – авто” көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары анықталды.

Негізі қазақстандық азаматқа Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тыйым салынған екен. Енді оған ҚР Қылмыс кодексінің 392-бабының 1-бөлігі “Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып, заңсыз өтуге тырысу” бойынша жауапқа тартылатын болады.

Талқылау