Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат мас күйінде автобуспен 50 жолаушыны Ыстықкөлден тасымалдаған

Қырғызстанда қазақстандық автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды.

Қазақстандық азамат мас күйінде автобуспен 50 жолаушыны Ыстықкөлден тасымалдаған

Ыстықкөл облыстық жол жүру қауіпсіздігін қамту бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, құқықбұзушылық 22 шілде күні Бостері ауылында болды.

Автобуста 50 жолаушы болған. Оның арасында балалар да бар.

Қазақстан азаматын тексеру барысында одан ішімдіктің иісі шыққан. Инспектор оны медициналық тексеруге жіберді.

Жолаушылар микроавтобустарға ауыстырылды. Енді жүргізушіге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе бір жылға дейін куәлігінен айырады.

Қазір полицейлер жүргізушінің мас күйінде қалайша рейске жіберілгенін анықтап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау