Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат 6 жылда 135 несие алған

6 бірдей Қазақстан азаматы несие алудан рекорд орнатты. Небәрі бірнеше жылдың ішінде алтауы қосылып барлығы 600 несие алған.

1450758265_1423578621_9cd6a3da3928d9e707a31ce9652aa0c7

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мұндай ерекше статистика алғашқы несиелік бюрода пайда болды. Ал қазақстандық қарыз алушылардың ішінде рекорд орнатқан бір жігіт бар. Ол 6 жылдың ішінде 135 рет несие алған. Әрі бірде бір рет қарызын кешіктірмеген.

Ал өзге несие алушылар одан сәл артта қалып барады. Орта есеппен олардың әрқайсысына 100 несиеден келеді. Қарыз алушылардың екеуінде ғана төлеу уақытын кешіктірген кезі болған. Несиелерді олар бір уақытта емес, бірінен кейін бірін рәсімдеген.

Мамандардың айтуынша, несие беру шешімі екі факторға байланысты болады. Бірі – ағымдағы қарыздың жоқтығы, екіншісі – өткен уақытта қарызды кешіктірмеген болуы.

Жіберіп алмаңыз:

Теңге күн санап құлдырап бара жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев: 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді

Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

Таныстарын күтіп алу үшін сыртқа шыққан қостанайлық әйел ЭКСПО-ға қайтып кіре алмай қалды

Талқылау