Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат 28 жыл бұрын бірге туған сыңарын іздейді

Айдаос есімді 28 жастағы азамат өзімен бірге туған сығаын іздейді. 1990 жылы 4 қаңтарда туған Семейдің №2 перзентханасында Айдос пен Жандос есімді егіздер өмірге келді, деп жазады Sputnik.

Нәрестелер 7 айлық болып туған.  Оларға күтім керек болды. Бірі 1300, бірі 1500 салмақта туды.

Бір аптадан соң анасы Уміт Мұсабековаға егіз сәбиінің бірі көз жұмғанын хабарлайды.

«Балалар ауырды. Оны емізу үшін маған әкеп берді. Бір аптадан соң бір баламның шетінеп кеткенін айтты. Денесін көсеткен жоқ. Анықтама да берген жоқ. Сүтім азайып кетеді деді. Ол кезде жас едім. Соған сендім», – дейді анасы.

Анасы аман қалған Айдосты емшіге қаратады. 28 жылдан соң бір баласының көз жұмғанына күмәнмен қарап отыр.

«Емші баламның суретіне қарап отырып, оның тірі екенін айтты», – дейді әйел.

Анасы дәрігерлердің ақшаға баласын сатқан деп айыптайды. 28 жылдан соң арыз жазып, облыстық прокуратурадан хабар күтіп отыр.

Қазір Үміт Мұсабекова Алматыда тұрады. Айдос үйленіп, әке атанған. Кішісі Досжан университетті тәмамдады.

Есімі де үміттен құралған әйел 28 жыл бұрын айырылған баласының табылатынынан үмітті.

Талқылау