Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел пойызда өзін қандала шағып тастағанын көрсетті (видео)

Қазақстандық пойыздардың бірінің жолаушысы желіде видео жариялап, өзін вагонда қандала шағып тастағанын айтты. Ал аталған видеоға қатысты пікір қалдырған желі қолданушылары вагондарда тарақан мен бүргелерді де кездестіруге болатынын жазуда.

 

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ал қандала шаққанына шағымданған әйел мінген Қостанай-Алматы бағытының тасымалдаушылары аталған видео өз пойыздарында түсірілмегенін айтып ақталды.

«Бұл пойыз ҚТЖ-ға тиесілі емес екені сенімді түрде айта аламын. Бізде вагондар кемінде айына бір рет, кейде бірнеше рет дәріленіп, сонымен қатар дератизация жасалады», – дейді «Қазақстан Темір жолының» ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ал «Түркісіб-Астана» компаниясының директоры Владимир Рожков та пойыз басшыларының үнемі есеп беретінін айтты. Олар мұндай жағдай болса міндетті түрде жеткізетін еді, дейді ол.

Әзірге тасымалдаушылар тексеріс жүргізіп жатқанда, қарағандылық дезинсекторлар пойыздардағы қанадалаға қарсы бірнеше рет шара қолданғанын растады.

«Олардың дернәсілінің қабығының қалыңдығы сонша, ешқандай құрал оларды жоя алмайды. Ал вагондарда барлығын алып тастап, қаптамаларының бәрін шешу керек. Қаптамаларды алып тастауға тура келеді. Себебі қандала кез-келген тесікке кіріп алуы мүмкін. Олар өте кішкентай», – дейді дезинсекция бойынша компания директоры Әлішер Мұсабеков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау