Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел ағылшын баронына тұрмысқа шықты

Осыдан бірнеше жыл бұрын астаналық Ирина Кудренок ел мәдениетін зерттеу үшін Лондонға аттанды. Ол жақта барон Джон Маппинмен танысып, кейіннен оған тұрмысқа шықты.

87b90d412132f5d73a8d2aafed229cf0

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Зергерлік бұйымдармен айналысатын әулеттің бірнеше жері мен орындары бар. Оның ішінде Камелот сарайы ерекше. Тинтагел аумағында орналасқан сарай ертегі әлеміндей. Дәл осы жерде Артур патша туып, Тристана мен Изольданың махабатты басталған.

Қазір Камелот сәнді қонақ үйге айналған. Онда небір ұйым өкілдерінің салтанатты шарасы өтеді. Ирина Кудренок-Маппин сарайды тәуелсіз БАҚ орталығы етпек.

63b2c55df66613f4a13d9ce5febc7e7e

Президенттікке үміткер Дональд Трамптың қолдаушылары Маппиндер оны Камелот серісі деген титулмен марапаттады. Ерлі-зайыпылар бұл белгінің Трамптың президенттікке өтуіне көмектеседі деп сенеді. Олар БАҚ-қа берген сұхбатында Трампты АҚШ президенті ретінде қабылдауға дайын екендерін айтқан.

Айта кетерлігі, ерлі-зайыптылар тек Америкаға ғана көңіл аударып қоймайды. Камелот сарайының көгінде Қазақстанның Туы үнемі желбіреп тұрады. Бұл барон әйелінің өз Отанына деген құрметінің белгісі.

Михаил Дворянчиков

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар 2017 жылы қалай демалады?

Мешіттегі оқиға: Бастан-аяқ қара киінген қыздар қазақ әжейдің оқыған намазын мазақ қылған

АҚШ-та жоғалған студенттің ата-анасын әлеуметтік желідегі жазба шошытты

ОҚО-да зейнеткер қақпа алдынан табылған жаңа туған сәбиді өзінде алып қалған

Талқылау