Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел бүйрегін сатып бизнесін құтқармақшы болған

Қазақстандықтар дене мүшелерін саудаға салатын сайтты кездейсоқ кезіктірдік. Ол жерде “бауыр сатамын”, “дене мүшелері доноры боламын” деп жазылған.

7477

Фото: denturplus.com

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Әсіресе, дене мүшелерін сатылымға шығарудан Шығыс Қазақстан тұрғындары алға шыққан сияқты.

“Бүйрек доноры боламын. Денім сау, ауырмағанмын, зиянды әдеттерім жоқ”, “19 жастамын, шұғыл түрде бүйрегімді сатқым келеді” деген мәтіндерді бұл жерден жиі кездестіруге болады.

Солардың бірімен тілдесіп көрдік. Риддерлік Маргарита өте ынталы сөйлесті.

“Бүйрегімді сатқым келгені рас. Бірақ, қазір ол ойымнан қайтып қалдым. Ондай нәрсеге дайын емеспін. Менде отбасылық бизнес құлдырап кетіп, қаржылық тығырықтар шығар жол болмаған соң осы қадамға барғым келген. Бұл идеяны маған құрбыларым айтты. Мұндай таныстарым менде көп”, – дейді әйел.

Алайда әйелінің мұндай хабарлама бергенін көрген күйеуі барын салып проблеманы шешкен. Осылайша бизнесті құтқарып қалған.

Ал Қазақстанда бұлай саудаласуға тыйым салынған. Елімізде донорлықтың екі түріне ғана рұқсат. Бірі – ең жақын туысына донор болу, екіншісі өлгеннен кейінгі органдарды алу. Ал қалған донор саудасының бәрі қып-қызыл қылмыс болып есептеледі.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда жаңа туған нәрестені саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты

Павлодар облысында 5 жасар қыз дәрігерлердің қателігінен көз жұмды

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

Бауыр доноры болған соң босанған жалғыз қазақстандық әйел дәрігерлерді таң қалдырды

Талқылау