Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әскери қызметкер әйелімен ажырасқанын жасырғаны үшін жазаланды

Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлім командирінің орынбасары қазына есебінен өмір сүрмек болғаны үшін сот алдына келді.

photo_97112

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Офицер екі жыл бойы әйелімен ажырасқанын да жасырып жүріпті. Ал оны Талдықорғанға ауыстырып, баспана берген кезде ол құжатта әйелім мен балаларым бар деп көрсеткен.

Әскери бөлім командирінің орынбасарына тіпті материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша “отбасы мүшелерін” қызметтік пәтерге тұрақты тіркеуге де қойған. Ал жаңа қызметке көшу барысында өндіріп алған көтерме ақы көлемі 271 мың теңгеге жетіпті. Осыншама ақшаны алу үшін ол жалған құжат жасатқан.

Алаяқтығы үшін әскери қызметкерге 500 АЕК көлемінде айыппұл салынып және екі жылға дейін мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Талқылау