Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Kween-T & Bella Moore және Dj Atom даудың ортасында қалатын секілді. Неге дейсіздер ғой? Олар дөрекі стильдегі «Еркек болсаң дәлелде!» атты бейнебаянын жарыққа шығарды.

Screenshot_6

Ашық-шашық киініп, әдепсіз қыздардың образына енген қыздар ерлер қауымына «Еркек болсаң, сөзіңмен емес, ісіңмен дәлелде» дегенді жеткізгісі келген.

Желі қолданушыларының басым бөлігі аталмыш туындыға жағымсыз пікірлер қалдырған:

«Мұндай топтар ұзаққа бармайды, өнер адамы халықтың қарғысын емес, батасын алуы керек», «Батысқа еліктеуді қою керек», «Клип түсірмей тұрып ойлансаңдаршы, мыналарың не?», «Қыздың даусы ащы. Бір сөз түсінбедім», «Қыздар К-поп азырақ көріңдер», «Осыларды да қазақ қыздары дейді-ау», «Шетелдіктер қазақ қыздары туралы не ойлайды? Алып тастаңыздар».

Есесіне жаңа бағытты, бұрын-соңды болмаған образды жақтап, мақтағандар да баршылық. Клиптің идеясын жоғары, ал қыздардың өнерін өте төмен бағалағандар саны көп. Сіз не дейсіз?


Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Әнші Серік Ибрагимов сүйіктісіне сырға салды (фото)

Саят Медеуов: Қызым біреуге тоқал боламын десе, қарсы емеспін

Валерий Меладзе: Жұбайым қазақ ұлтынан

Талқылау