Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару «Miss Asia Pacific 2018» байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстандық ару Дидар Атмаджа қосымша байқаулардың бірінде жеңімпаз болды. Ол қазір «Miss Asia Pacific International 2018» халықаралық сұлулық байқауына қатысып жатыр.

Байқау Филиппинде өтуде. Байқауда 50 елдің аруы бақ сынайды.

25 қыркүйек күні дарындылар конкурсында алматылық ару Дидар Атмаджа жеңімпаз атанды.

«Мен Miss Asia Pacific International 2018 дарындылар конкурсында жеңімпаз болғаныма сене алар емеспін! Арманым орындалды, бұл мен үшін әлем чемпионатын жеңгенмен тең. Бал биін биледім. Өте бақыттымын! Маған қолдау көрсетіп, сенім білдіргенеріңіз үшін алғыс айтам», – деп жазды Дидар Атмаджа Instagram парақшасында.

Байқаудың ақтық мәресі 4 қазанда өтеді. Осы күні байқау жеңімпазы анықталады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау