Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық археолог: Кенесарының басы бар деген аңыз әңгіме

Қазақстандық археолог Руслан Шербаев қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы кесілгені туралы ақпаратты аңызға теңеді. Ол ресейлік әріптестерін қолдай отырып, Кенесары ханның басы жоқ екенін айтады, бұл туралы Караван басылымы хабарлайды.

bdbd800357de5170c4d33bc6d537a5c8

«Жоңғарлармен соғысқан қырғыз, қазақ, қарақалпақтар ешқашан хандардың басын кескен емес. Ол кезде басын кесу деген мүлде болмаған. Сондықтан Кенесарының басын кесті деген де шындыққа жанаспайды», – дейді археолог.

Руслан Шербаевтың айтуынша, қазақтар Ресей империясына өздері қосылған. Ресей билігі үшін Кенесарының басын кесудің ешқандай тиімділігі болмаған. Олар оның басын кесуге бармас еді. Хандарға деген құрмет болған. Өзге хан болмаса, кез келген адам ханның басын кесе алмаған. Жошының денесін тапқанда, оның жотасы сынғаны анықталды. Өйткені хандардың қаны шықпай көз жұмуы керек болған.

Археолог Кенесары ханның басын Ресейден емес, оның қаза тапқан Қырғызстан жерінен іздеу керегін айтады.

Бұған дейін Кейкі батырдың бас сүйегі Санк-Петербургтен кунсткамерадан табылған еді. Сенатор Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған. Министр: Кейкі батырдың бас сүйегін елге жеткізу бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал екенін де жеткізген.

Өткен аптада Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведьевпен кездесіп, Кенесары мен Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған еді. Ресей премьері бұл мәселені шешетінін айтқан.

Талқылау