Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әншінің жаңа бейнебаяны қоғам наразылығын тудырды

Отандық әнші Project Zenit “Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан” атты әнге бейнебаян түсірген болатын. Аталған бейнебаянда адамды бөлшектеу, зорлық-зомбылық көрсету сынды көріністер өте көп. Мұны көрген жұрт наразылық танытып, жасөспірімдердің психикасына әсер ететіндігін айтып жатыр. 

455fec057133175706fe52810471a5a5

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің туындылары отандық әріптестерінен мүлде өзгеше. Әндерді ағылшын тілінде орындап, бейнебаяндарын голливудтық блокбастерлер стилінде түсіреді. Жалаңаштан әйел, атыс-шабыс, жарылыс сынды дүниелер оның жаңа бейнебаянының қасында түкке тұрмайтын болып шықты.

Интернетте пайда болған бейнебаян көпшіліктің наразылығын тудырды. Бір қызығы көрші Ресейдегі тыңдармандары мұны оң қабылдап, әншіні мақтай түсті.

Тіпті “Қазақтар біздің режиссерлерден асып түсті”, “Бұл менің көргендерімнің ішінде ең керемет туынды”, “Ой саларлық екен” сынды пікірлер жазды.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін “Алау” тобының Шымкент сұлуларына арналған “Гүл әпше” әніне бейнебаян түсіргені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау