Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әншілер Ұлықпан Жолдасовты мемлекеттік атаққа ұсынды

Қазақ эстрада жұлдыздары сазгер Ұлықпан Жолдасовтың мемлекеттік сыйлыққа әбден лайық екенін айтып, ұсыныс тастады. Елу жаста ел алдында есеп берген сазгер осы күнге дейін бірде-бір атаққа қол жеткізбеген.

image

Фото: juldizdar.kz

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

1 мамыр күні Алматы қаласында Ұлықпан Жолдасовтың композиторлық кеші ұйымдастырылды. Аталған кеште Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Фарида Жолдасова, Төреғали Төреәлі, Мәдина Сәдуақасова, Серікбол Сайлаубек, Қайрат Нұртас және “Заман”, “Меломен”, “Жігіттер” сынды топтар өнер көрсетті.

Кеш барысында Жолдасов өзін сазгерлік қырынан танытқан “Мұзарт” тобына алғысын жаудырды. “Көрсетуге ұялатынмын. Сол әндерімді “Мұзарт” тобы халық алдына шығарып, мені басқа қырымнан танытты”, – дейді Жолдасов.

Мұны “Мұзарт” тобының солисі Сәкен Майғазиев те растап отыр. Десе де, соңғы кезде әндерін тек жастарға ұсынатын сазгерге ренжіп жүрген-ді.

“Ән шығаратын қасиетінен қысылып жүрген екен. Бір күні неге шығарып көрмеске деп бізбен ақылдасты. Алғаш “Махаббат гүлі солмайды” деген әнін орындадық. Бізді қартайды деп ойлаған сияқты. Бұл әнді “Заман” тобына табыстады”, – дейді Майғазиев. Мұнымен қатар, өнердегі ағасының марапатқа әбден лайық екенін айтып өтті.

Мұқасан Шахзодаев халық берген атақ пен мемлекеттік марапаттың орны бөлек екенін айтты. Көптеген ән жазған сазгердің мемлекеттік марапатқа әлі қол жеткізбегеніне таңқалғанын жасырмады.

“Көзі тірісінде адамның қадірін білмейміз ғой. Қолымды мезгілінен кеш сермедім деп жүреміз. Анау осындай еді, мынандай еді деп өкінеміз”, – дейді Гауһар Қаспақова.

@sadvakasovamadina рахмет😘😘😘@aruzhanduisen нен видео)рахмет…

Видео опубликовано Айған Сайлаубайқызы (@aigan_zholdasova)

Әріптестері дәл осылай қолдау көрсетсе де, Ұлықпан мырза атаққа асығар емес.

“Бағаң өсіп кетіп жатқан жоқ. Атақты біреулер керек деп жатады. Еңбегіңді елеп беріп жатса, ода тұрған ештеңе жоқ. Бергенді кім жеккөреді”, – дейді сазгердің өзі.

Концерт кезінде сазгер жұбайы Айғанмен бірге ән орындап, жұртты таңқалдырған-ды. Кеш соңында әріптестері видео құттықтау түсіріп, Ұлықпан Жолдасовқа алғыс айтты.


Оқи отырыңыз:

Ұлықпан Жолдасов екі азаматтың суретін көрсетіп, олардан сақтануға кеңес берді

Жолдасов бір қолының екіншісінен қысқа болуының себебін түсіндірді

 

Талқылау