Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әншілер араларынан ең бай әріптестерін өздері таңдады

Қазақ эстрадасында өнер көрсетіп жүрген әншілер өз араларынан ең бай әріптестерін таңдады. Олардың сөзіне сенсек, көшті Төрғали мен Қайрат бастап тұрған көрінеді.

image

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Көпшілік қазақ шоу бизнесі өкілдерінің бай екенін айтады. Десе де, әркімнің жағдайы әртүрлі екені анық. Мұны әншілердің өздері де жасырмайды. Олар араларындағы ең бай әріптестерін өздері таңдады.

Құдайберген Бекішев сырттай бай болып көрінсе де, өнер адамдарының көп ақша жаратуға мәжбүр екенін тілге тиек етті. Тіпті Қазақстанда бай жұлдыз барына сенбейтін көрінеді.

“Ақшаны көп немесе аз деп айтуға болмайды. Барға қанағат. Ақшасы ең көп жұлдыз Қайрат Нұртас шығар деп ойлаймын. Әлеуметтік желіден Қайрат Нұртас, Баян Есентаева, Айқын және Серік Ибрагимов сынды жұлдыздардың өте бай екенін оқып едім. Сол тізімге Төреғали Төреәліні де қосқым келеді”, – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Ал хан сарайындай үй тұрғызған Заттыбек бай әншілер тізіміне өзін қоспайды. Ақша жинамайтын да көрінеді.

“Әріптестеріміздің айтуынша, жас әншілердің арасынан Қайрат Нұртастың аты көп аталады. Қаншалықты рас екенін білмедім. Бірақ қазір Төреғали ең бай әнші шығар. Бүркітті де осы тізімге қосуға болады. Өз басым ақшаны банкке тығып немесе жамбасқа басып жинайтын адам емеспін. Қалтамда тұрған ақшаны санап та, есептеп те көрген емеспін”, – дейді Заттыбек Көпбосынов.

Әріптестері мен тыңдармандары бай деп таныған Қайрат Нұртас атақ-абырой бар жерде барлығының да болатындығын айтады.

“Шоу-бизнесте ақшасы көп жандар баршылық. Мәселе байлықта емес. Ең бастысы, атағың мен абыройың. Ал бізде мұндай әншілер өте көп. Қалтама ақша салып жүрмеймін. Барлығын бауырым Айдынға беріп қоямын. Сол керек кезде төлеп отырады. Үнемі қасымда жүреді. Мені шақыратын адамдар көп болғандықтан, ақша жаратпаймын десем де болады. Атағың мен абыройың болса, сен үшін барлығы да тегін. Барған жерімде тегін тамақтанып, тіпті таксимен тегін жүремін. Шетелге барып қыдырып қайтайық дейтін қыздар да бар”, – дейді Қайрат Нұртас.

Расымен де, Қайрат Нұртастың қарапайым халықты таңқалдырар байлығы аз емес. Себебі әнші ең қымбат көлікті алғашқылардың бірі болып сатып алған. Мұнымен қатар, жоғары дәрежедегі концертті де өзі берген болатын.

Өнер мен өмірде қолұстасқан жұптардың да отбасында ақша мәселесі түрліше қаралатын көрінеді.

“Бұл жерде байып, шетел асып жатқан ешкім жоқ. Менің қалтамда дәл қазір 100 теңге бар. Жанболат ер адам болғандықтан, ақшасыз жүрмейді. Ал мен Жанболатсыз жүрмеймін”, – дейді Жазира ханым.

Ал тоқал тақырыбында қалжыңдасамыз деп сөзге қалған Болмановтардың отбасында жағдай керісінше. Ақшаның есебін Қарақат ханым өзі жүргізіп отырады екен.

“Мен қалтамызда қанша ақша тұрғанын білемін. Өйткені үйдегі есепші өзіммін. Енді сомасын нақты айтып жатқанымыз ерсілеу шығар. Бірақ әжептәуір ақша бар”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Осылайша көшті Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі бастап тұрғанын айтқан жұлдыздар олардың бұл байлыққа лайық екендерін де тілге тиек еткен-ді.


Оқи отырыңыз:

Хитке айналған “Құдаша қыз, Маржан” әніне жастар жарыса билеуде (видео)

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Жұлдыздар салық төлемеді деген айыпқа пікірін білдірді

Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Талқылау