Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші Британиядағы X Factor шоуында әділқазыларды таң қалдырды

Қазақстандық Маргарита Тахирова Лондондағы әйгілі The X Factor британиялық шоуының іріктеуінен өтті. Бойжеткен сұхбаттарының бірінде кастингтің қалай өткенін баяндап берді.

image

Маргаританың мұндай қадамға баруына Қазақстанға гастрөлдік сапармен келген Ace of Base тобының солисі себепші болған екен. Ол Маргаританың бойында тұнып тұрған талантты байқап, әлемдегі ең танымал шоулардың біріне қатысуға көндірген.

“Ол маған дауысымның ерекше екенін тілге тиек етіп, осы бағытта жұмыс істеуіме кеңес берді. Оның бұл сөздері шабыт сыйлап, өзіме деген сенімімді арттыра түсті. Байқау ұйымдастырушыларына өтінім хатпен бірге ескі жазбамды жолдадым. Шынымды айтсам, мені шақырады деп мүлдем күтпедім. Арада 3 ай өткен соң поштамды ашып, өз көзіме өзім сенбей тұрып қалдым. Мені мақұлдап, шақырту жіберген екен. Тыңдалым небәрі бірнеше күннен кейін өтеді. Ал мен болсам виза да алмағанмын. Әрі қай өлеңді айтатынымды, үстіме не киетінімді де таңдамағанмын. Қатты қобалжып кеттім. Десе де, өзіме беріліп тұрған мүмкіндікті жібергім келмеді”, – дейді Тахирова.

Маргаританың сөзіне сенсек, Ұлыбританияда The X Factor  шоуы кеңінен танымал екен. Тіпті жұрт қатысушыларға кәсіби әнші ретінде қарайтын көрінеді. Ал алғашқы кезең Ливерпуль қаласында өткен.

“Кеденнен өтерде көпшілік ән айтып беруімді өтінді. Олар маған қошемет білдіріп, қолтаңбамды сұрады. Ол жақта халықтың көп болатынын сезгенмін. Мұнымен қатар, шақырту қағазында ертерек келуіме кеңес берген екен. Кезекке тұру үшін таңғы сағат төртте бардым. Сөйтсем басқалары түнгі сағат он екіде барып, кезекке тұрып алған. Қолдарында жеңіл көрпе-жастықтары мен шай құйылған термостары бар. Ал қаланың суық желі біздің Астананыкіне ұқсайды. Бірақ байқауға сонау алыстан ат терлетіп келдім деген ойдың өзі мені жылыта түсті. Басқа қатысушылармен достасып, әрқайсымыз өз оқиғамызды баяндап бердік”, – дейді бойжеткен.

9aef425d839d8bfcee333aa68796ad63

Қазақстандық әнші сағат 9 шамасында ішке кірген. Оның алдында даусы мықты әншілер өтпей қалғандықтан, Маргарита қатты қобалжығанын жасырмайды.

“Менің есімім аталып, ішке кірдім. Өзім туралы қысқаша айтып бердім. Бастапқыда басқа ән таңдаған болатынмын. Бірақ әділқазы алқаларын көрген соң таңдауымды өзгерттім. Алғашқы әнді ана тілімде орындауға рұқсат сұрадым. Қажет болса екінші әнді ағылшын тілінде орындап беретінімді айттым. Олар келісіп, мен Роза Рымбаеваның “Ғашықпын” (“Любовь наступило”) деген әнін айттым. Әділ қазылар күліп, менен әннің не туралы екенін сұрады. Іштей мұны жақсы белгіге балап, оның не туралы екенін түсіндірдім. Ағылшынша ән айтып берейін деп ұсыныс айтып едім, бас тартты. Мені бірден құттықтап, келесі кезеңге өткенімді жеткізді. Енді режиссер, продюсерлермен кездесіп, телевизиялық түсірілімдерге дайындалу қажет”, – деп Маргарита қатты қуанып тұрғанын жеткізді.


Оқи отырыңыз:

Диана Хашимханова Авраам Руссомен бірге ән шырқады (видео)

Қайрат Нұртас Шымкентте Нюшамен қосылып ән айтты (видео)

Сати Казанова «Comedy Club» қойылымында қазақ тілінде ән айтты

“Иванушки” тобының әншісі басына жасалған операциядан соң ішуді қойғанын айтты

Талқылау