Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ана құлақсыз туған баласына ем таба алмай налыды

Қазақстандық ана Махаббат Әбдірахманова екі құлағы жоқ баласына ем таба алмай жүргенін айтып налыды. Балалары дәл осындай кемістікпен туған ата-аналар оған ота жасатпауға кеңес берген. Ал бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек өз кезегінде оны әлі де ем іздей түсуге шақырды.

мавыч

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Қазақстанда тұқым қуалайтын, сирек кездесетін ауруға шалдыққан 900-ден астам адам бар. Мұндай дерттің басым көпшілігі генетикалық аурулар екен. Қазір елімізде диагностика жүйесі дамығандықтан, ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік бар. Мамандар осындай аурулардың алдын алу үшін жүкті әйелдер алдын ала тексерістен өтуі қажет дейді.

Нұрасыл Баймұратовтың туғаннан екі құлағы жоқ. Қазір ол 5 жаста. Сөйлей алмайды. Аурудың себебі де белгісіз. Дәрігерлер оның құлағында сәл ғана саңылау бар екендігін айтқан. Сондықтан жасанды құлақ пен есту аппаратын орнатса, Нұрасылдың қатарға қосылып кетуі әбден мүмкін.

“Үйде көбінесе планшетпен отырады. Түрлі ойын ойнап, Youtube желісінен видеолар қарайды. Барлығын өзі біледі, бірақ сөйлемейді. Құлағы қатты айқайлаған жағдайда ғана естиді. Ал өзі нақты бір сөйлем құрап айта алмайды. Мысалы, өз атын білмейді. Дәрігерлер “Жүктілік кезінде тұмаураттыңыз ба?” деп сұрады. Менде ондай ешнәрсе болған емес. Денсаулығы жақсы, ойнағанды жақсы көреді. Сурет салып, үйді бояймыз. Бірақ бірнәрседен өзі тез жалығады. Бір жасқа толған кезінде Ақсай ауруханасына бардық. Томаграфияға түсіріп, бақылау жүргізді. Одан Өскеменге осыдан бір ай бұрын барып келдік. Жыл сайын осы қалада тексеруден өтіп отырамыз. Дәрігерлер “атрезия” деген диагноз қойды. Бұл екі құлағы жоқ деген сөз. Дәл осындай диагнозбен туған балалардың ата-аналарымен WhatsUpp желісі арқылы сөйлестік. Арасында шетелге дейін барып келген ата-аналар бар екен. Ресейге барып, балаларына аппарат алған. Ота жасатқандар да кездесті. Олар отаның кері әсерін тигізгенін айтып жатыр. Аппараттың да жағдайы мәз емес. Оны тағып-шешіп отыру қажет”, – дейді Махаббат Әбдірахманова.

Бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек өз кезегінде Махаббат ханымды әлі де мүмкіндік іздеуге шақырды. Осы орайда, Наполеон Хиллдың басынан өткен бір оқиға туралы айтып берді.

“Кез келген адамға бір қиындық берілсе, Алла тағала сол проблемаға сай мүмкіндік береді. Напалеон Хиллдың ұлы құлақсыз туады. “Менің балама осындай қиындықпен қоса үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мен мұны жеңуім керек” дейді Напалеон. Ол көп уақыт бойы баласының естіп-естімейтінін түсінбей келген. Бір күні баласы патефонды тісімен тістелеп отырған. Адам сүйегінің дыбыс өткізетін қасиеті бар екен. Жаңағы жағдайдан кейін Напалеон баласына патефонды тыңдататын болған. Мұнымен қатар, тісін баласының тісіне тақап тұрып, әртүрлі әңгіме айтқан.

Басты кейіпкер ретінде өзін қойып, түрлі ертегі айтып берген екен. Артынша жұртпен төбелесіп жүріп баласын қарапайым мектепте оқытқан. Ол жерде ұстаздары бұл баламен түсінісе алмай, сыныптастары мазақ қыла бастаған. Сөйтіп жүріп бала оқуды бітіреді. Сол уақытта Америкада құлаққа арналған аппараттар шыққан. Бірақ бірінші аппараттың балаға еш көмегі тимеген. Екінші рет аппарат алған кезде, бала барлығын естіген. Бірінші анасына хабарласып, қуанышын бөліскен. Кейін Напалеон құлақ аппаратарын шығарған зауытқа хат жазып, артынша Америкадағы құлағы естімейтін балаларға көмектесетін бағдарлама құрастырады. Яғни Нұрасылға Жаратқан осындай сынақ берсе, сол сынақпен бірге мүмкіндік бергені анық”, – дейді бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы өмір бойы түрік азаматына тұрмысқа шығуды армандап келеді

Қазақстанда енесі келінін орыстарға құлдыққа сатып жіберген

Қазақстанда денесін пышақ кеспейтін темір жігіт бар

Талдықорғандық 40 кг гір тасын тісімен көтеріп жұртты қайран қалдырды

Қазақстандық суретші 20 жылдан бері қыста жалаңаяқ жүріп жұртты таңғалдырды

Талқылау