Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық алты жасар қыз Сеулде көз жұмды

30 қыркүйек, жұма күні Екібастұз қаласының алты жасар тұрғыны Әсем Ахметжанова Сеулде қайтыс болды. Ол жыл басынан бері Оңтүстік Корея астанасында ем қабылдап жатқан болатын.

96113-preview-image

Бұл туралы “Казахстанская правда” хабарлайды.

Дәрігерлер химиятерапия, томотерапия және ми сүйегін ауыстырып, қыздың өмірі үшін күрескен. Алайда ешбір ем көмектеспеген.

“Біздің Әсем бізден кетті…Бүгін Сеул уақыты бойынша 13.10-да…ауыр…жоғалту…Ол айтты: “Әке, мен әлсізбін!!! Менің жүрегім жарылды!!!”, – деп жазды Фейсбуктағы парақшасында қыздың әкесі Дәулет Ахметжанов.

Сенбі күні қыздың отбасы Оңтүстік Кореядан Астанаға ұшып келген. “Әсемді жерлеу 3 қазан күні сағат 10-да, Екібастұз қаласы, Баянауыл көшесі, 5-ші үйде өтеді”, – деп жазды әкесі.

Қызда онкологиялық ауру болған. Ол 2015 жылдың қазан айынан бері қатты ауырыпты. Астанада ол үш рет химиятерапия курсынан өткен. Оның оң жақ бүйрегі мен ісікті алуға операция жасалыпты. Сондай-ақ, бауырдың кей бөлігін де алып тастаған.

Ол 2016 жылдың 18 қаңтарына бері Оңтүстік Кореяда емделген.

Оқи отырыңыз:

Мәскеу емханасында екпе жасалған 9 адам соқыр болып қалған

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Қытайда көзі жоқ сәби өмірге келді

Комада жатқан бойжеткен аппаратты өшіретін кезде оянған

Талқылау