Қазақстандық альпинист Эверест шыңын бағындырып, ұлына сүйген қызының жүрегін жаулауға көмектесті

Танымал альпинист Мақсұт Жұмаев екінші мәрте Эверест шыңын бағындырды. Ол өзінің бұл жетістігін Астананың 20 жылдығына арнады. Альпинист бұл жолы таудың қауіпті саналатын оңтүстік тұсы арқылы көтерілген екен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық альпинист Эверест шыңын бағындырып, ұлына сүйген қызының жүрегін жаулауға көмектесті

Бір апта бұрын Мақсұт Жұмаевқа денсаулығына байланысты таудан түсіп, жолын қайта бастауға тура келген. Ол инфекция жұқтырып алған екен.

«Біз альпинист Мақсұт Жұмаевты күтіп алуға келдік. Бүгін онымен байланысқа шығып, бірінші болып құттықтадық», – дейді Гүлмира Мұқанова.

Альпинист бұл жетістігін Астананың 20 жылдығына арнаған. Оның биік тау шыңдарын бағындырып жүргеніне 20 жыл болған.

Ол Эверест шыңын қайта бағындыруды көптен бері жоспарлап жүрген. Үйінде бір ай болмаған альпинисті жұбайы мен балалары да асыға күтіп отыр.

«Бүгін таңертең сағат 8:30 шамасында Эверест шыңынан хабарласты. Ұлымыз Исатай бір қызды ұнатып жүр. Қызы екеуі біздің мектептің туына өз есімдерін жазып, Мақұстқа беріп жіберді. Ол қоңырау шалған кезде ұлына берген уәдесін орындап, туды таудың шыңына алып шыққанын айтты», – дейді альпинистің жұбайы Ольга Жұмаева.

Эверестті солтүстік және оңтүстік тұстарынан бағындырған альпинистер көп емес. Ендігі Мақсұт Жұмаев солардың қатарына кіріп отыр. Аталған екі бағыт бойынша тек 11 адам жүріп өткен екен.

Айта кетсек, қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 14 шыңның барлығын бағындырған. Ал Эверест шыңының биіктігі 8 848 метрді құрайды.

Оқи отырыңыз:

Балалардың ішкиімін шешіп тексерген: Алматыдағы балабақшалардың бірінде шу шықты

«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берді (фото, видео)

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды

Қызылордада марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай ескерткіш орнатылды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар