Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық «альфонс» жас қызға 3 миллион теңге несие алдыртып, төлемей қашып кеткен

Бүгінгі қоғамда әйелдердің ақшасына күн көріп немесе жас қыздарды алдап кеткен жігіттердің саны өсіп барады. Тіпті мұндай жігіттер өздерінің «кім» екенін ашық түрде жариялап, беттерін жасырудан қалған. Солардың бірі жақын арада желіні шулатқан жас қазақстандық – Дильзат Әбдірашитов «Өз ойым» бағдарламасына келіп,  альфонс болудың оңай екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

«Альфонс жігіттер бүгінгінің серілері ме?» атты тақырыпта шыққан бағдарламаға альфонс жігіттен бөлек, сол альфонстардан зардап шеккен қыз келіп, болған оқиғасын айтып көз жасын тия алмады.

Жоғарыда Нүргүл Әзірбайқызы өзінің астаналық жігітке алданып қалғанын айтып, оған үш бірдей банктен  3 000 000 теңге көлемінде несие алып бергенін мәлімдеді. Қыздың басын өтірікпен айналдырған азамат оларды төлемей жоғалып кеткен. Нүргүл өзін алдаған жігітке бірінші жұмысқа тұруына деп ақшалай несие, кейін басқа банктен телефонды несиеге және «әкем комада» жатыр деген сөзіне сеніп, тағы 700 000 теңге несие әперген екен. Бүгінгі таңда барлық шоттарды бұғатталып, тіпті бір несиесі бойынша сотта іс қаралып жатыр екен.

Ал желіде Стефани атты американдық келіншектің жігіті екенін айтып мақтанған қазақстандық – Дильзат та бағдарламада қонақ болып, альфонс болудың оңай екенін айтып көрермендерді ашуландырды.

Шетелде 51 жастағы Стефанимен танысқан Дильзат, әйелдің өзі бірінші болып көңіл білдіргенін айтады. Тіпті Стефанидің қызының жасы да Дильзаттан үлкен болып шықты. Алайда ол қазақстандық жігітке тек ұялы телефон ғана сыйлаған көрінеді.

Бұған наразылық танытқан көрерменнің бірі жігіттердің мұндай қылығына намыстанып, айфон мен көліктерді әр азамат өзінің еңбегімен де ала алатынын айтты.

Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Дильзаттың сөзінің шындығына күмән келтіріп, осының бәрі инста-парақшасынының оқырмандар санын көбейту және «хайп» үшін жасалған әрекеттер шығар деп айтып қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау