Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Алексей Луценко «Париж – Ницца» кезеңінің жеңімпазы атанды

Astana велошабандозы Алексей Луценко «Париж – Ницца» көпкүндік жарысының бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды.

edd5c33a574231613fd968b6e719ef87_L

cyclingweekly.co.uk

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Жарыс барысында бірнеше мәрте озып кетуге оқталған Луценко жалпы топтан мәреге 28 шақырым қалғанда алға шығып, көшбасында келе жатқан Антуан Дюшенді шаң қаптырып кетті. Қалған аралықты бір тек өзі жүріп өткен ол жарыстың бесінші кезеңін 05:00:26 көрсеткішімен аяқтады.

Ал «Катюшалық» Александр Кристофф оған 21 секундке жол беріп, екінші болып келсе, Orica-GreenEDGE командасының велошабандозы Майкл Мэттьюс үшінші орынға табан тіреді. Жалпы есепте Мэттьюс көш бастап келеді. Ал Луценко 6 секундтық айырмамен екінші сатыға көтерілген.

Талқылау