Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актерлердың қатысуымен түсірілген “Алтын орда” сериалы тарихшыларға ұнамай қалды (фото)

Ресейлік Бірінші арна түсірген «Алтын Орда» (Золотая орда) сериалы тарихшылар сынына ілікті. Олардың сөзінше фильмде тарих бұрмаланған. Ал оны көрген түрлі ұлттар мен халықтар арасына жік түсуі әбден  мүмкін.

Ресейліктер түсірген «Игры престолов» әсіресе татар тарихшыларының көңілінен шықпай отыр.

«Алтын Орда» (Золотая орда) сериалының түсірілім жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталған. Сол кезде-ақ,  кино картинканың мағынасы мен «Игры престолов» сериалына бәсекелес болады» деген бастамалар тарихшылардың назарын аударған еді.

Сурет: сериал видеосынан алынған

Фильмге тарихи жағдай негіз болғанына қарамастан авторлар  көптеген кейіпкерлер ойдан құрастырылған, ал жанры- фансастика деген еді. Сериалдың анонсында бірнеше басты кейіпкер болатыны таныстырылды. Олар: орыс князі, Алтыр орда ханы және екі тараптың жас сұлулары.

12 наурыз күні Бірінші арнадан 16-сериалды фильмнің  премьерасы болды. Алғашқы екі сериасын көрген көпшілік бірден өздеріне ұнамай қалған тұстарын тізіп берді.

“Бұл фильмде татарлар мен ордалықтарды бір-біріне атажау етіп көрсеткен. Картинкада олар көшпелі, күркеде тұратын дала халқы болып суреттелген. Тарихта Берке мен Бату билік құрған кезде үлкен қалалар болған.

Мысалыға, Үкек кейіннен Сарай-әл –жадид. Олар сол кездің өзінде Киев, Лондон, Париж қалаларынан үлкен болған. Авторлар татар билігін талас-тартыстан, тек ұрыс-керістен, кектен басы арылмаған етіп көрсетеді.

Егер бұл фантастика болса басқаша атау бергендері дұрыс еді. Мысалы «Игра престолов» фильміне ешқандай да тарихи шағым айтпаймыз ғой. «Алтын орда» фильмі татар тарихын азғындатып көрсетіп отыр»,-дейді  татар тарихшы Искандер Измайлов.

Авторлар болса кинокартинканың нарықта өз орнын табу үшін бірнеше жыл еңбек еттік деп отыр.

« Біз «Алтын орда» фильмін Бірінші арна өкілдерімен бірге 5 жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ақылдастық, сериалға арқау болатын негізгі оқиғаларды таңдадық.

Тек Ресе нарығына емес өзге де елдердің қызығушылығын арттыруды ойластырдық. Мақсатымыз Ресейде бұрын соңды түсірілмеген дүниені жасап шығу болды.

Алтын орданың дүркіреген дәуренін алдық. Тарихи  фактілерден саналы түрде қашып, әлі күнге тарихшылар дауласып жүрген тұстарды таңдадық.

Біздегі оқиғалар мен кейіпкерлердің барлығы ойдан құрастырылған. «Алтын орда»  шымшытырыққа толы мелодрама»,- деп түсіндірген фильмнің бас продюсері Рубен Дишдишян ресейлік арналарға берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз:

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Балиева: Баланың анасы мен адвокаты Астанаға келеді

Талқылау