Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер Мұхтар Байжұманов қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыкалық театрының директоры Мұхтар Байжұманов 59 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұхтар Байжұмановтың әріптесі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кітапхана меңгерушісі Роза Игібаеваның сөзінше, театр директоры 24 қараша күнінің кешінде моншадан шыққаннан кейін қайтыс болған.

«Оның қан қысымы жоғары болатын. Кеше жұмыстан кейін моншаға  барған. Моншадан үйіне келгеннен кейін жағдайы нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған. Менің білетінім, ол ауруханада немесе ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған», – дейді Роза Игібаева.

Мұхтар Байжұманов тек басқарушы емес, дарынды әртіс, Павлодардағы қазақ театрының белді актерлерінің бірі, жайсаң әрі мейірімді адам ретінде ел есінде қалады.

Павлодар әкімдігінің ақпараты бойынша, марқұммен қоштасу рәсімі 27 қараша күні сағат 09:00-де Ж.Аймауытов атындағы театрда өтеді.

Оқи отырыңыз:

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Бірнеше жылдан кейін жұрт алдына шыққан Нұрлан Өнербаевтың екі ұлы да өнерге қадам басты (фото, видео)

Шахизада жігітіне қатысты бар шындықты ашып айтты

Қыдырәлі Болманов Қазақстанда өнері үшін бірде-бір атақ алмағанын айтты

Талқылау