Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 4 жасар ұл бала танымал ресейлік бағдарламаға қатысты

4 жасар Алеша “Видеоны көрдіңіз бе?” бағдарламасына қатысты. Бірінші арнаның редакторлары қазақстандық баланың видеосын көріп, оны бағдарламаға шақыру туралы шешім шығарған. Бұл туралы Alau.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Видеода Алешаның Аяз ата мен Ақшақарды көргендегі әсері бейнеленген. Күлкілі видеоны интернетке анасы бір жыл бұрын жүктеген.

“Видеоны көрдіңіз бе? бағдарламасының редакторы оларға Алешаның видеосы ұнағанын айтты. Жаңа жылдық түсірілемге шақырғысы келетінін жеткізді. Таңғалдым. Күтпеген едік. Әрине, мен келісімімді бердім. 14 желтоқсан күні біз Бірінші арнада, түсірілімде болдық. Студияда ұлымның видеосы көрсетілді”, — дейді баланың анасы Наталья Луговская.

Баланың анасының сөзінше, Алеша басында ұялған. Бірақ сонда да жүргізуші мен түсірілімге қатысқан ресейлік жұлдыздардың сұрақтарына жауап берген. Номинация  бойынша дауыс беру де болған. Эксперт-жұлдыздар 4 жасар Алешаға дауыс берді. Қазақстандық ұл бала қатысқан бағдарламаның қашан эфирге шығатыны әзірге белгісіз.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау