Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 185 мың теңге несие алып, екі айдан кейін 700 мың теңге қарыз болып қалған

Қарағанды тұрғыны микрокредиттік ұйымдарға шағымданды. Оның 185 мың теңге қарыз алған ұлы, енді миллионға жетер ақша қайтрау керек.  Ұлының ешкімге айтпай алған несие пайызы екі айдың ішінде 700 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі, 31 арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық 185 мың теңге несие алып, екі айдан кейін 700 мың теңге қарыз болып қалған

«Мұны көтеру қиын. Немереме де, өзіме де дәріге ақша жұмсай алмай отырмын. Күні бойы жылаумен уақытым өтеді. Бір тиынға дейін – зейнетақымды бәрін беремін. Ендігі мүмкін емес», – дейді Қарағандының тұрғыны, Дина.

Қиналған Дина Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясынан көмек сұраған. Ол жерде аталған мәселе бірінші жыл болып тұрмағанын атады. Заңға сәйкес, несиелік ұйымдарға кез келген пайызды қоюға рұқсат берілген. Сайттарда бір қарағанда пайыздары аз көрінеді: күніне 0 мен 2 % көлемінде. Операторлар сыпайы болғандарымен, үлкен пайыз бен айыппұл туралы жақ ашпайды.

“Ол жерден несие алатындар ақшамен аз қамтылған, сондықтан құрыққа түседі. Әрбір кәсіпкер табыс үшін жұмыс істейді. Дегенмен мұндай ұйымдар Ұлттық банктің бақылауында болу керек деп ойлаймыз”, – дейді Жомарт Алданғаров, Евразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы президенті.

Қарағанды облысының ІІД мәліметі бойынша, құзырлы органдарға соңғы 2,5 жылда 38 азаматтан алаяқтартар туралы өтініш түскен.  Олардың тек 18 ғана сотқа жіберілген. Қалған 9 – өндіріс үстінде, қалғандары екі жақтың келісімі бойынша немесе қылмыс құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылған. Заңмен рұқсат берілсе, демек тыйым салынбайды. Сондықтан қазақстандықтар өз мәселесімен тағы да бетпе бет жалғыз қалады.

Алайда, туындаған мәселеден кейін, Динаға несие беретіндер хабарласып, қарыз көлемін 10 есе – 70 мың теңгеге дейін төмендеткендерін мәлімдеді. Бірақ Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы Президент пен Премьер-Министрге Ұлттық банк тарапынан микрокредиттік ұйымдардың несилік пайыздарына шектеу қойылсын деген өтініш жіберді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау