Қазақстандық 12 жасар шахматшыға Ресейден пәтер берілді

Жұма, 4 Қараша , 2016 8:32

Ресей атынан өнер көрсетіп, шахматтан әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан 12 жасар қазақ қызы Бибісара Асаубаеваға Мәскеу облысының Химки қаласынан пәтер берілді. Жас спортшының отбасы екі бөлмелі пәтердің кілтін еншіледі.

20161103_091810

Су жаңа пәтердің кілтін спортшыға аймақты уақытша басқарып жүрген Дмитрий Волошин табыстады. 12 жасар жеткіншектің әлем чемпионы атанғанын айтқан ол отырысты Бибісараның жетістігінен бастады, деп хабарлады Chess-news.

Айта кетейік, Қазақстан спортшысын Ресейге сол елдегі шахмат федерацияларының ең белсенді президенттерінің бірі Сергей Нестеров шақырған. Мәскеу облысының шахмат федерациясына өткен жас таланттар тұрғын-үймен қамтылып қана қоймай, Дворковичтің қонақ үйінде тегін жаттыға алады. Ал жас спортшыға сыйға тартылған пәтер жаңадан тұрғызылған көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Батумиде балалар арасында шахматтан өткен чемпионатта 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Бибісара Асаубаева жеңіске жетсе, 8 жасқа дейінгі қыздар арасында еліміздің атынан өнер көрсеткен Айша Закирова алтын еншіледі. 

Жіберіп алмаңыз: 

Олимпиада чемпионы атағынан айырылған спортшылардан мемлекеттік сыйақы қайтарып алынбайды

БАҚ: Ауыр атлеттеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

Головкинді Джейкобске құрмет көрсетпеді деп кінәлады

Қазақстанда допинг үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
28 күні 14 сағат кері

Кайтып келмесин.акша ушин сатылды.шешеси жасап отырго ол али бала.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар