Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды суық және қарлы қыс күтуде

Қазақстанды суық және қарлы қыс күтуде. Ауа температурасы көптеген жылдардағы байқаудан бірнеше градусқа төмен болады. Алдағы екі айда қар қалыпты ауқымда түседі, бірақ маусымның аяғында елде қалың қар жауады. Бүгінгі таңда Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин тұрғындарға ауа-райының қолайсыздығына байланысты қалада және қаланың сыртында орын алуы мүмкін жол апаттар жайлы ескертті.

Қазақстанды суық және қарлы қыс күтуде

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Министр орынбасары халыққа қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жолдардың жабылғаны туралы төтенше хабарламаларға құлақ түруді ұсынды.

Шенеуніктер қыстың негізгі проблемасы қала сыртындағы трассалар екенін мойындауда. Нақтылап айтатын болсақ, олардың қолайсыз ауа райы кезіндегі жағдайы негізгі мәселе болып табылады. Бұл әсіресе Алматы және Ақмола облыстарының қолданыстағы автожолына қатысты. Ал биыл оған Павлодар-Астана жолдары қосылады. Оның үстіне жолдың тайғақтығы аздай сонымен қатар, «Қазавтожол» тас жолдарды уақытында тазартпайды. Ильиннің айтуынша, оларда жабдықтар жеткіліксіз.

Тағы бір себеп – жүргізушілердің өзі албырттық танытады. Көпшілі нашар шинамен жүреді және кейбірі жылдамдық тәртібін сақтамайды.

Екінші мәселе қалалардағы құрылымдардың, ғимараттардың қасбеттері, бағаналар мен жарнамалық қалқандардың құлауынан болатын адамдардың қауіпсіздігі болмақ. Соған байланысты ішкі істер министрлігінің құрылысшылар мен нысандарды қабылдайтын шенеуніктерге айтар талап-тілегі бар.

«Қандай да бір нысан пайдалануға берілгеннен кейін, біздің үш жыл бойы оны тексеріп баруға құқығымыз жоқ. Бірақ үш жылдан кейін, тексеруге шыққанда өрт қауіпсіздігінен бастап көптеген ережелер мен нормалардың бұзылғанын анықтаймыз. Ал бұл ғимараттағы адамдарға қауіп төндіреді»,- дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Юрий Ильин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау