Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауқаттылар арасында той жасаудың бәсекесі қалай артуда

Қазақстандық ауқаттылардың арасында той жасаудың бәсекесі барған сайын күшейіп барады. Олар ел ішінен гөрі шетелдерде тойлатқанды жөн  көреді. Голливудтың жұлдыздарын қонаққа шақырып, Ресейлік әншілердің әнін тыңдағанға біздің елдегі дәулеттілердің жаны құмар.

maxresdefault

Әріптесім Ерқанат Көпжасар Қазақстандағы қалталылардың бір тойға қанша қаражат жұмсайтынын есептеп көрген еді, дпе хабарлайды 31 арна.

Қымбат көліктер, қымбат мейрамхана, қымбат кеш жүргізушілері! Бұның бәрі біздің елдегі бай бағландар үшін мүлдем қызық емес. Себебі оларды бүгінгі таңда ешнәрсемен таңқалдыра алмайсыз! Олардың таңдауы басқада.

“Біздегі қымбат тойларды көбінесе шенеуніктер өткізеді. Бизнесмендер той думанға көп ашқа шығармайды. Елімізде тойға қатты шабынуға  шектеу қойылғандықтан, қазір шенеуніктер тойларын шетелдерде жасап жүр. 30 мың еуродан басталатын жүргізушілерді Мәскеуден алдыртады. Ал, қазақстандық қосалқы жүргізушілердің бағасы 3000 доллар. Қазір біздің тапсырыс берушілер көбінесе Мәскеулік әрлеушілерді шақырады. Олар тойдың қасығынан бастап орындығына дейін шетелден әкеледі. Олардың бағасы 200 мың доллардан кем емес”, – дейді Ивент компания директоры Жанар Муртазина.

Той ұйымдастырумен айналысқанына алты жыл болған Нұрланның айтуынша, еліміздегі ауқаттылардың балалары да тойдағы серуенге де асқан кірпияздықпен қарайды.

“Гулянкасының өзіне, бір апта бұрын бір емес екі үш вертолет алып жатады. Бейнебаянға келетін болсақ екі махаббаттың бейнебаяны Қазақстанда ғана емес, шетелдердеде түсіріліп жатады. Оның ішінде Париж Индия, Қытай, Франция үлкен-үлкен мемлекеттерде. Олардың енді бағасы бес мыңмен он бесмыңның арасы, қазіргі ақшамен. Ал, жаңағы махаббат бейнебаянының өзі сол 50 мен 150 000 арасында. Доллар”, -дейді ұйымдастырушы Нұрлан  Дәкен.

Шетелдің қымбат мейрамханалары мен бесжұлдызды қонақүйлері қазақтарға есіктерін  айқара ашады. Ал, еліміздегі ең қымбат мейрамханалардың бағасы олардың қалтасын жұқартпайды.

“Біздегі бағалар адам басына шаққанда 51 мыңнан басталып өсе береді. Бәрі тапсырыс берушінің ыңғайына қарай. Той иесінің тапсырыс берген тағамы мен сусынына байланысты”, – дейді мейрамхана маркетологы Аюна Кукшинова.

Сонымен, орташа есеппен Алматыда жоғары деңгейде той өткізу үшін шамамен 60 000 АҚШ доллары керек. Оған салтанат залының сәнделуін, сахнаның әрленуін, қалыңдықтың көйлегін, басқа да дәстүрлер мен құдалыққа кететін шығындарды және тойдағы өнерпаздарың еңбекақысын  қосқанда бір тойдың құны 100 000 доллардың төңірегінде болмақ!

Ал, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровтың пікірінше той-думанға есепсіз шығындалу – дарақылық.

“Асыра ысырапшылдыққа барып жатамыз, Мақтангершілікке салынып. Анау жерде пәлен той жасапты. Мен неге одан аспасқа деген бір бақталастық бар сияқты”, – дейді ережесіз жекпе-жектен  әлем чемпионы Ардақ Назаров.

Қалталылар той жасау үшін несие алмайды, қарызға батпайды! Тіпті мейрамханалар мен жұлдыздардың ақшасын 1 ай бұрын шытырлатып санап береді. Осыдан кейін орташа жалақысы 150 000 теңгеден аспайтын елде бұндай ірі көлемдегі ақшаларды байлар қайдан тауып жүр деген сұрақ  жауапсыз қала бермек!

Талқылау