Қазақстандықтар WhatsApp пен Instagram желісінің істемейтінін айтып шағымданды
Қазақстандықтар әлеуметтік желілердің істемей жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында кейбір қолданушыларда бірнеше әлеуметтік желі істемей тұр. Олардың қатарында WhatsApp пен Instagram бар.
WhatsApp мессенджерінің телефондағы нұсқасымен, компьютердегі web нұсқасы да істемей тұр. Желі қолданушылары хаттар жіберілгенімен, медиафайлдардың жүктелмейтінін айтады.
Сондай-ақ, кейбір қазақстандық Telegram желісінің істемей отырғанына шағымданып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердің бұғатталғаны туралы білмегенін хабарлаған болатынбыз.
Талқылау